Открытый урок на тему "Имя младенца"

Разделы: Патриотическое воспитание

Ключевые слова: казахский язык


Сабақтың тақырыбы: Сәбиге ат қою

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, білім мен білік дағдысын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру. Туған жерін, елін қадірлеуге, салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ

 Сабақтың көрнекілігі:слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ең қымбаты алтын дейміз, алтын ба?
Сәби қымбат ата-баба салтында.
Ол туғанда бәрі өзгерер, бастысы –
Бір адамға көбейеді халқыңда!

Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін ғұрыптарының бірі – өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата-ана өзінің баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жезтаңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады. Балағаатқойғанкездекезкелгенадамғаемес, тағы да солырымқылыпкөптікөрген ел ағаларына, айналасынасыйлы, узыдуалыкісілергебаласыныңатынқойғызудымәртебесанаған.

Видеоролик «Балағақандайатқоюғаболады?

Лексикалық минимум

азан шақырып ат қою

обряд нарекания именем новорожденного по канонам ислама

атқою

дать имя

деген ырыммен

с приметой

дүниеге келу

родиться, прийти в этот мир

есім берулі

нарекаться каким-то именем

құрмет

честь, почет, уважение

құрметіне қойылу

назвать в честь (кого-то)

сәби

малыш

туылған

родился, родившийся

үмітпенатау

назвать с надеждой

ақылғой ана

мудрая мать

кейінгі кезде

В последнее время

Оқылым. Мәтін.
Оқыңыз. Артық 2 сөйлемді сызып тастаңыз.

Сәбиге ат қою

Қазақтарда балаға ат қалай қойылады?

Ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алады, азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды:

  • Сенің атың – Әлихан! Сенің атын – Әлихан! Сенің атын Әлихан!

 Баланың аты затына сай болсын деп атақты, беделді азаматтардың есімдерін қояды. Менің әжемнің аты – Күнсүлу. Қазір де көп адам баласына: Дінмұхамед, Нұрсұлтан, Қаныш, Марғұлан, Абай, Сәкен, Абылай, Жәнібек, Алпамыс, Зере, Айғаным есімдерін ырымдап қойып жатады.

Мысалы, 2011 жылдың қараша айында туған 228 ұл балаға Ерасыл есімі берілді. Ерасыл - атақты Қабанбай батырдың шын аты. Ал 326 қыз Айару есімімен аталды. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтандар де көбейе бастады. Бізбен бірге Асылбек есімді бала оқыған. Бұл есім Елбасы құрметіне қойылып жатыр.

ХХ ғасырда қазақтың анасы Қамаш апай 20 бала туған. Ол сегізінші қызына Тоқтар есімді қойған. Сонда ол кісінің қыз баланың туылғаны тоқтап, ұл бала туылады туады деген үміті болған.

 Сөз тіркестерінің жанына мағынасына қарай
 мәтіндегі есімдерді қойыңыз.

Ақын болсын деп - ...................................................................
Ақылғөй ана болсын деп - .......................................................
Елбасы болсын деп - ................................................................
батыр болсын деп - ..................................................................
ғалым болсын деп - .................................................................

Мәтінге сәйкес тест тапсырмасын орындаңыз.

  • Дәстүр бойынша сәбиге ........................... ат қояды.

А. тек қана ата-анасы

Ә. ең жас адам

Б. беделді кісі

  • Азан шақырудың мақсаты –

А. таңғы уақыт

Ә. ат қою

Б. азан деген жігітті шақыру

  • Сәбиге Бауыржан есімі ...................... болсын деген ниетпен қойылады.

А. ғалым

Ә. әнші

Б. батыр

  • Қамаш апайдың сегізінші қызын Тоқтар деп атауды...................... байланысты.

А. қыз балаға сондай есім берумен

Ә. ұл туылсын деген үмітпен

Б. ақылды болсын деген ниетпен

Сергіту сәті. Әуенді тап.

Азан шақырып ат қою деген не?

Кез келген ата-ана сәбиінің иманды азамат болып өскенін, болашағының жарқын болғанын қалайды. Ақ ниеттің алғашқы қадамы – азан арқылы балаға есім беруден басталған.
Бұл дәстүрдің негізінде ата-ананың балаға деген ақ тілегі, ізгі ниеті жатыр. Яғни, бала дүниеге келген сәтінен бастап азан үнін естісе, жүрегінде имандылық, нұры пайда болып, иманды болып өседі деп сенген.

ЖАЗЫЛЫМ.

Бағандардағы сөздерден сөз тіркестерін құраңыз.

Азан, аты затына, атымды, тақырып, беделді, кім, ниетпен ат, Салтанат, ақынның

Туралы?, деп атадық, құрметіне, азамат, қойды, шақырып, бойынша, сай, қойылды

  • ......................................................................................................
  • ......................................................................................................
  •  .....................................................................................................
  • ......................................................................................................
  • ......................................................................................................
  • ......................................................................................................
  • ......................................................................................................
  • ......................................................................................................
  • ......................................................................................................

 АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ...

Сәбигеатқоюдағысалт-дәстүрнегізінен, қазақхалқындабалағаатқойғандаата-аналардыңарқасүйейтін 15 салт – дәстүрі бар.

1.Балаға артық саусағына қарай ат қою.

Есімдері: Артық, Артыкәлі, Артықбай, Қосекен.

2.Балағ тіл – көз тимейді деген ниетпен ат қою.

Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.

3.Баланың денісау, жаны берік болуы үшін ат қою.

Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.

4.Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою.

Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүлт.б.

5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою.

Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Ұзақбай.

6. Бұрын – сонды болған қару – жарақаттарына байланысты ат қою.

Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбайт.б.

7. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою.

Есімдері: Абай, Абылай, Сәкен, Төлеби, Ыбырайт.б.

8.Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою.

Есімдері: Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл.

9.Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою.

Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Сүлеймен.

10.Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою.

Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынарт.б.

11.Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою.

Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.

12.Мұрат – мақсатына жеттім – ау деген ниетпен ат қою.

Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.

13.Соңғы балаға ат қою.

Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.

14. Төрттүлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою.

Есімдері: Арыстан, бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, сандуғашт.б.

15.Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою.

Есімдері: Болған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлболсын, Ұлтуар, т.б.

Мақал – мәтелдердіжалғастырыңыз.
Балалы үй базар. Баласыз үй қу мазар.

Ата бәйтерек, бала – жапырақ.

Ананың сүті бал,баланың тілі–бал.

Баланды бес жасқа дейін хандай көтер,
Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.

Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.

Баланың өскен бесігі,
Кең дүниенің есігі.

Кроссвордты шешіңіз.

1.Адам есімдерін зерттейтін ғылым? Антропонимика.

2.Қазақ халқы сәбиге ғұлама болсын деп қандай есім қояды? Қаныш, Марғұлан.

3. Қазақ халқының есімге байланысты салт-дәстүрі. Азан шақыру.

4.Сәкен Сейфуллиннің шын аты? Садуақас.

5. Планетаның атымен қыз балаға қойылатын есім. Шолпан                         

6.Мұрат –мақсатына жеттім-ау деген ниетпен қандай есім қойылады? Мұрат

7. Абай Құнанбаевтың шын есімі? Ибраһим

8.Кәмелетке толып, ер жеткен адам, жігіт. Азамат

9. «Қарағанды» романының авторыдың аты. Ғабиден Мұстафин

Қорытындылай келе, елінің нағыз азаматы болатын, әдемі, жарасымды есімдермен дүниеге сәбилер келе берсін деген тілекпен бүгінгі сабағымды аяқтаймын.