Сыныбы: 4.
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға пайдалы қазбалар туралы білім беру және олардың маңыздылығын түсіндіру. Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен жұмыс жасауды үйрету.
ә) Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынас түрлерін бақылату арқылы оқушының жүйелі ойын жетілдіру, тіл байлықтарының дамуына жағдай жасау.
б) Табиғатты қорғауға, табиғат байлықтарын үнемді, тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, «Пайдалы қазбалар» топтамасы, бейне жазба, көмір, ағаш, темір, жұмбақтар,интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, география, химия, музыка
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
«Ойлы болсаң озып көр!»
(жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу) шешуін 3 тілде айту
Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.
Бұл не? Көмір
Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ. (Бор)Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әртүрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен? Темiр
- Балалар, жұмбақтың шешулері не болды? көмір, бор, темір.
Олар қайдан алынады? Олар неге жатады?
Пайдалы қазбалар
- Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалар тақырыбымен танысатын боламыз.
3 тілде тақырып жазылады
Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру.
Ағылшын тілінде оқушылар пайдалы қазбалар туралы айтады.
1,2,3 саны арқылы - 3 топқа бөлу.
1 топ - Жанғыш пайдалы қазбалар
2 топ – Кенді пайдалы қазбалар
3 топ Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Топ басшысын сайлау, бағалау парақшасымен беру. 5 мин
Пікірталас. Миды шынықтыру. 2 мин
- Пайдалы қазбаларды кімдер игереді?
- Адамдар оларды не үшін игереді?
- Оларды қайдан алады?
- Өзің тұратын жерде қандай пайдалы қазбалар игеріледі?
Ендеше, балалар «Пайдалы қазбалар» туралы бейне жазба көру үшін тақтаға назар аударамыз. 7 мин
Қ. Сәтпаев туралы айтады. 3 мин
Ағылшын тілінде: Айрина
Қазақ тілінде: Дилара
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сан қырлы талант, ақыл ой парасатын туған халқының мерейін үстем етуге жұмсаған. Өнегелі өмір жолы баршамызға үлгі. Белгілі қоғам қайраткері, кенді пайдалы қазбалардың маманы, геолог, ғалым, халқының даңқын бүкіл әлемге көтерген тұңғыш академик.
Орыс тілінде: Камила
Р.К. ЕКСПО-2017 халықаралық көрмесі Қазақстанның елордасы Астана қаласында « Болашақ қуаты» тақырыбы бойынша өтті. Біз елімізде өтіп жатқан көрмеге 100 пайыз сынып оқушылары және ата-аналармен барып өз көзімізбен көрдік. Ендеше, ЕКСПО-2017 көрмесінің пайдалы қазбалармен байланысын Сания айтып өткісі келіп отыр.
Сәния: «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі баламалы энергия көздерін дамыту, энергетикадағы сапалы тәсілдерін іздестіру, адамдардың өмір сүруін жақсарту, табиғи қорларды тиімді пайдалану, сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар — мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтыну, елдің табыстарын ұлғайту, елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайтау, халық үшін жұмыс орындарын құру, жаңартылатын энергия көздерін енгізу, пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау.
Оқулықпен жұмыс. 5 мин
“Ойлан, жұптас, бөліс” әдісі
Үш топқа мәтінді бөліп беру. Әр топ өз бөлімдерін: 1-ші 2 минут оқиды мәтінді, 2-ші жұптасып бір – біріне түсіндіреді, 3-ші топтағы адамдармен бөліседі. Содан кейін әр топтан бір оқушы бөлім бойынша мазмұнын айтады.
Сергілту сәті. 3 мин
Картадан шартты белгілер арқылы өндірілетін қалаларды оқушылар табады
Көмір – Екібастұз, Қарағанды
Мұнай, газ – Атырау, Ақтау, Ақтөбе,Орал, Маңғыстау облысында
Ас тұзы – Атырау, Жамбыл
Металл – Жезқазған, Өскемен.
Табиғи газ - Маңғыстау облысында және Ақсай
Мыс – Жезқазғанда, Қоңыратта
Алюминий – Арқалықта
Әктас - Ақтауда
Гранит – Жамбыл облысы
Қол жетімді ресурстар пайдалы қазбаларды сипаттау. 5 мин
1 топқа - көмір, 2 топ темір, 3 топ бор беріледі.
1. Оқушылар арқылы 3 тілде қорғайды.
1. Тас көмір орыс тілінде Қатты, морт сынғыш.
2. Қара түсті жылтыр.
3. Жақсы жанады және жылуды көп береді.
4. Суда ерімейді. Ол кішкене кесектерге бөлінеді.Таскөмірді суға салсақ бірден батып кетті, Тұжырым: (ерімейді, судан ауыр)
2. Темір қазақ тілінді
1. Қатты
2. Қоңыр қызыл түсті
3. Мөлдір емес
4. Мықты
5.Өзіне темір заттарды тартып алады
3. Бор ағылшын тілінде
Дәптермен жұмыс. - 2 мин
Пайдалы қазбалардың шартты белгілерін тақтадан жазып алу.
Менделеевтің өмір баяны (ағылшын тілінде). - 3 мин
Менделеевтің еңбек жолы (орыс тілінде)
ІV. Сабақты бекіту. Қорытынды
Бағалау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. - 1 мин
Оқушының аты-жөні |
«Жария |
«Салыстыру кестесі» |
«Ыстық орын |
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі |
Балл |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Рефлексия: «Білім ағашы» кері байланыс. 1 мин
V. Үйге тапсырма беру.
Мәтінді түсініп оқу, шартты белгіні жаттау.
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады.
Ән: Туған жер. - 3 мин