Тақырыбы: Киіз үй
Сабақтың мақсаты:
- қазақ халқының ежелгі баспанасы туралы түсінік беру, мәтін арқылы сөздік қорын толықтыру;
- дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- білуге құштарлығын ояту, ұлттық мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу, тілдік талдау, танымдық ойын, баяндау.
Жаңа технологиялар: сатылай комплексті талдау, сын тұрғысынан оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: сызба кестелер, тест сұрақтары
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушының назарын сабаққа аудару.
- Сабақтың мақсатын хабарлау.
- Тәртіп сақтауды, сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Киіз үй туралы берілген тапсырманы және осы мәтін бойынша берілген 6-тапсырманы тыңдау.
- Киіз үй дегеніміз сонда не?
- 4 тапсырманы тексеру. (Синоним дегеніміх не?)
Жұмысы, ісі – дело
Оңай, жеңіл – легко
Сондай, тіптен – так
Шеңберлей, айқара – вокруг
Буады, байлайды – завязывают
Ақбоз, ақшыл – светлый, белый
Түсті, түрлі – цветной, различный
Қастерлі, қасиетті – почетное
Тұрағы, мекені – место
ІІІ. Жаңа сабақ: Киіз үйдің – ішкі жасауы (96 бет)
Сөздік жұмысы:
Босаға – крыло
Ер-тұрман – принадлежности для верховой езды
Құсбегілік – принадлежности для охоты с птицей
Адалбақан – вешалка
Шымылдық – занавес, перегородка
Жүкаяқ – подставка на ножках для постельных принадлежностей
Кебеже – деревянный сундук для хранения продуктов
әбдіре – сундук
үш аяқты ошақ – тренога
текемет – большая кошма с узорами
көрпеше – одеяльце
алаша – палас (без ворса)
жержастық – локтевые подушки
Жаңа сөздерді слайд презентация арқылы меңгеру және түсіну
2. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну.
3. Киіз үйді, оның ішкі жасауын көргендерің бар ма? (Айтып беріңдер.)
IV. Жазба жұмысы:
Сөздерді сөз тұлғасына ажратып жазыңдар.
әйелдердің, байланыстырады, уықтарды, киіздерді, керегелердің, сырықпен, жылқышыларға, сырланады, ағаштары, жеріне.
Қосымша тапсырма: Ауызша осы сөздермен сөйлем құрастырыңдар.
Ауызша ой жинақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- Әңгемеге ат қою.
«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап».
- Ұрпақтан-ұрпаққа не жалғасады?
- Киіз үйдің сол жақ босағасында не тұрады?
- Төрге не қойылады?
- Киіз үйді кімдер тігеді?
- Ең сәулетті әсем киіз үйдің түсі қандай болады?
- Үйдегі ең қастерлі орынды қалай атайды?
- Үйдің күмбезін не құрайды?
- Шаңырақ деген не?
- Шиді қай жерге ұстайды, не үшін?
- Қазақтардың үйі қандай тұрмысқа бейімделеген?
Осы жауаптар қорытындысы бойынша ой толғаныс (Венн диаграммасын толтыру)
V. Қорытындылау. Рефлексия түрінде жазу, мына ойды жалғастыр. Егер мен киіз үйде тұрсам, ........
VI. Бағалау. Оқушылардың үй тапсырмасы мен жаңа сабақты игерумен белсенділіктерін бағалаймын.
(Сабақтың соңында мына слайдды шығару.
«Біле бер қанша білсең, тағы тіле.
Жетерсің мақсатыңа біле-біле». Ж.Баласағұн
VII. Үйге тапсырма: 98 бет 7тапсырма, Киіз үй тақырыбы диалог құрастыру.